Боксшы қолғабы қандай болуы қажет?

Соңғы кездері әуесқой бокста былғары қолғапқа байланысты біраз дау болып жатқанынан хабардармын. Менің білгім келетіні, АІВА талабына сәйкес, әуесқой бокстың былғары қолғабы қандай болуы қажет?
Жанбота ОРАЛБЕК,
Алматы қаласы
Жалпы, бокста былғары қолғап ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап пайда болған. Бүгінде олардың үш түрі бар: әуесқой боксқа арналған, кәсіпқой боксқа арналған және жаттығуға арнал­ған қолғаптар.
Әуесқой бокста былғары қолғаптың басы, яғни жұдырық жағы жұмыр, жұм­сақ болуы тиіс. Сондай-ақ саусақтарды бүккенде жұдырық қалыпқа түс­пейтіндей болуы тиіс. Бұл боксшының соққысының қуатын азайтады. Сондай-ақ әуесқой бокста қолғап қара, қызыл, көк болып бөліне береді. Тек әлгі жұдырық жағы ақпен боялған болуы керек. Бұл төреші­лердің ұпай санауы үшін қолайсыздық туғызбауы үшін жасалған.
Жалпы, бокста қолғаптың салмағы унциямен өлшенеді. Ағылшындық өлшем­нің бір түрі ғой. 1 унция – 28,3495231 грамға тең. АІВА талабына сәйкес, әуесқой бокста қолғаптардың салмағы 10-12 унция болуы тиіс. Сонымен қатар АІВА ережесіне сәйкес боксшылар қолғабы тек былғарыдан тігіледі.
Кәсіпқой бокстың қолғабы өзге­шелеу, бауымен болады. Салмағы да әркелкі. Боксшының салмақ дәрежесіне қарай 6-20 унция болып өлшенеді. Ал жат­тығуға арналған қолғаптарға тиісті ешқандай белгіленген ереже жоқ. Қолыңызға ыңғайлысын таң­дасаңыз жеткілікті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста