Спорттан еліміздің мерейін үстем етіп отырған бокс алғаш рет қашан пайда болған? Қателеспесем, ХVІІ ғасырда Англияда болар?
Азамат Мұхтаров, Қарағанды қаласы
Азамат, спорттың бұл түрі сіз ойлағаннан да ертеректе пайда болыпты. Сенесіз бе, археологтар ежелгі шумерлер мекен еткен үңгірлердің дуалдарынан екі ер адамның жұдырықтасып жатқан кескін суретін тапқан. Сөйтіп, зерттей келе, бұл біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын қашалған сурет екені анықталған.
Сондай-ақ ежелгі гректердің жер бедерін зерттеушілер біздің заманымызға дейінгі екі мың жыл бұрын қашалған суретті кездестірді. Онда екі ер адамның жұдырықтасып жатқаны және жекпе-жекті тамашалап отырған көрермендер бейнеленген екен. Ал 1927 жылы америкалық Спенсер есімді археолог Бағдат жерінен екі боксшының жұдырықтасуға дайындалып жатқаны бейнеленген тас плитасын тауып алады. Артынан анықталғандай, бұл тасқа жеті мың жыл болған көрінеді. Демек, сол кезде-ақ адам баласы бокстың не екенін білген. Дегенмен сіздің айтып тұрғаныңыз да дұрыс. Қазіргі заманғы бокс ХVІІ ғасырда Англияда пайда болған. Оның алғашқы қағидаларының авторы Англия чемпионы Джек Бротон болғанымен, бүгінде спортшылар белгілі журналист Маркиз Куинсберридің 1867 жылы енгізген ережесі бойынша жұдырықтасады.
Бокс қашан пайда болған?
Последние статьи автора