Менің ағам «біз бойдақ салығын төлейтінбіз» деп жиі айтып отырады. Ол қандай салық?
Махаббат Ақпанова
«Бойдақ салығы» КСРО-да 1941 жылы 21 қарашадан бастап енгізілді. Ол бойынша 20-50 жас аралығындағы баласы жоқ еркектер, 20-45 жас аралығындағы күйеуге шыққан әйелдер жалақысының 6 пайызын мемлекетке аударуға тиіс болатын. Айлығы 70 сомнан аспайтын азаматтардан салық алынған жоқ. Сондай-ақ денсаулығына байланысты балалы болмайтындар, баласы Ұлы Отан соғысында қаза тауып, не хабарсыз кеткендер бойдақ салығынан босатылды. Арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқитындар (25 жасқа дейін), Кеңес Одағының Батырлары, әскери қызметтегілер мен олардың отбасына жеңілдік берілді. Бала туғандар немесе асырап алса, мұндай салықтан босатылатын. Бірақ жалғыз баласы қайтыс болғандардан қайтадан салық алынатын. 80-жылдардың аяғында жас отбасыларға некеге тұрған кезден бастап бір жыл бойы жеңілдік берілді. Мұндай салық тарихта болмаған, КСРО-дан басқа Моңғолияда да енгізілді. Соғыстан кейінгі демографиялық мәселені шешуге бағытталған уақытша сипатына қарамастан, бойдақ салығы 90-жылдардың басына дейін алынып келді. Жай халық оны «жұмыртқа салық» деп те атайтын.