Биыл Күн мен Ай қай уақытта тұтылады?

Осы жылы Күн мен Айдың тұтылу құбылыстары бола ма? Толық мәлімет берсеңіздер.
Талғат Иманғалиев,
Астана қаласы
Астрофизиктердің мәліметін­ше, 2013 жылы бес түрлі тұтылу құбы­лысы болады. Ай – үш рет, Күн екі рет тұтылады. Бірақ мамандар бұл құ­бы­­лыстардың ешқайсы­сының то­лық тұтылуға жат­пай­тынын айтады. Қара­шаның 3-іне сәйкес келіп отыр­ған Күн тұтылуы ғана Жердің Гринвич мери­­дианы және экватор тұсында (Гвинея шығанағы) толық­қанды құбылыс болып байқалады. Биыл Ай мен Күннің тұтылу құбы­лыс­тары күн мен түн­нің теңелуі (21 нау­рыз), күн­нің ұзарып барып тоқы­­­рауы (22 мау­сым) немесе күннің қыс­қарып барып тоқырауы (22 жел­тоқсан) сияқты құбы­лыс­тармен де сәйкес келмейді. 2010 жылы Ай­дың тұты­луы күннің қыс­қы қысқа­руымен қатар келген еді. Жылан жылы мұндай астроно­миялық оқиғалар көктем және күз мезгіл­дерінде ғана болады.
2013 жылы болатын тұтылу құ­бы­лыстары (Астана уақыты бойын­ша):
25 сәуір, сағат 22.06 – Сарышаян белгісінде Айдың жартылай тұтылуы;
10 мамыр, сағат 02.24 – Торпақ белгісінде Күннің сақина тәрізденіп тұты­луы;
25 мамыр, сағат 06.09 – Қауыс (Мер­ген) белгісінде Айдың жарты­лай тұтылуы;
19 қазан, сағат 01.49 – Тоқты шоқ­жұл­­дызында Айдың жартылай тұты­луы;
3 қараша, сағат 14.46 – Сары­шаян шоқжұлдызында Күннің гибрид­ті тұты­луы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста