Бірұлтты мемлекеттерге қай елдер кіреді?
Қазақстанның көпұлтты мемлекет екені баршамызға аян. Әлемде басқа да қандай көпұлтты мемлекеттер бар және бірұлтты мемлекеттер қатарына қай елдер жатады?
Айдын БЕКҰЛЫ, Алматы қаласы
Жалпы, әлем елдегі этникалық шекарасы мен мемлекеттік шекараларының сәйкес келетін, келмейтініне орай бірұлтты және көпұлтты болып бөлінеді. Жер бетіндегі мемлекеттердің жартысына жуығы бірұлтты болып саналады. Бұл елдердегі негізгі ұлттың саны 90 пайызды құрайды. Әсіресе Еуропадағы, Латын Америкасындағы және Таяу Шығыстағы елдердің басым бөлігі бірұлтты болып келеді. Мысалы, бірұлтты елдердің қатарына Дания, Швеция, Германия, Польша, Италия, Жапония, Сауд Арабиясы, Египет секілді мемлекеттер жатады. Ал көпұлтты мемлекет деп мемлекеттік шекара шеңберінде бірнеше этнос мекен ететін елдерді атайды. Яғни көпұлтты елдердің қатарына этникалық құрамы күрделі Үндістан, Ресей, Швейцария, Филиппин сияқты, сондай-ақ Батыс және Оңтүстік Африканың бірнеше мемлекеттері жатады. Ең көпұлтты аймақ Оңтүстік Азия болса, ең көпұлтты мемлекет – Үндістан. Егер мемлекетті құрайтын негізгі ұлттың үлес салмағы шамамен 70 пайыздан төмен болса, онда мұндай мемлекеттер көпұлтты болып саналады.