Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қай жылы құрылған және қанша мемлекетте өкілдіктері бар? Бұл қор біздің елде қай жылдан бастап жұмыс істей бастады? Қордың Қазақстандағы жұмысы жайлы нақты мысал келтіре аласыздар ма?
Айнұр Ағманова, Алматы облысы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) 1946 жылы құрылған. Оның өкілдіктері 191 елде жұмыс атқарады. Ал Қазақстанда бұл қор өз жұмысын 1992 жылдан бастаған.
Нақты мысалға келер болсақ, осы жылы қор мамандары қазақстандық балалардың құқығының қорғалуы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша, 320 мың баланың тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқаны анықталған. Одан басқа 42 мың бала – жетімдер немесе қамқоршысынан айырылған. Ал 18 мыңнан астам бала ішкі істер органы есебінде тіркелген. Сонымен қатар 150 мыңдай бала денсаулығына байланысты ерекше қамқорлыққа мұқтаж екен.
Бұл жайлы ЮНИСЕФ өз сайтында хабарлаған.
Естеріңізге сала кетсек, республикада 2006 жылдан бері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті жұмыс істейді. Аталмыш комитет балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қай жылы құрылған?
Последние статьи автора