Бір үнемдегіш шам 100 келі көмір үнемдейді

Электр қуатын үнемдегіш шамның артықшылығы қандай? Бір мәжілісменнің оның түк пайдасы жоқтығын айтқанын естіп қалған едім.
Мәрия,
павлодарлық зейнеткер
Күнделікті тұтыныстағы электр энергиясының 15 пайызы жарыққа кетеді. Егер электр үнемдегіш шам­ды қолдансаңыз, онда бұл көр­сет­кішті 6-7 пайызға шегеруге болады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, тек спи­­­ральды бір шамды үнемді шам­шы­рақ­қа ауыс­тыру арқылы еліміз жы­лы­на 100 келі көмір тұтынысы­ның, яғни 270 келі зиянды көмір­қыш­қыл га­зы­ның ауаға бөлінісін шек­­теуге мүм­кіндік алады. Сондық­тан мем­ле­кетіміз осындай шамның кең қол­да­нысына басымдық беріп жатыр.
Сондай-ақ мұндай шамның қуат диапазоны 3-тен 90 Вт аралығын қамтиды. Демек, оның жарық беру қуаты қарапайымына қарағанда бес есеге көп. Егер бұрын 100 Вт-тық шамшырақ қолдансаңыз, онда электр үнемдегіш шамның 20 Вт-ты­ғын тұтынғаныңыз дұрыс. Бұрын­ғы­сына қарағанда жаңа шам түрлі түс бөлетінін де ескергеніңіз жөн. Мәселен, лампочканың сыртқы қабында «2700 К» деп жазылса, ол  – жы­лы ақ түс, «4200 К» – күндізгі­дей ашық жарық түс, «6400 К» суық ақ түс дегенді білдіреді.
Электр үнемдегіш шамның тек екі кемшілігі бар. Мұндай лампоч­ка­ны қоршаған ортаға зияны ти­мей­тіндей етіп залалсыздандыру ке­рек. Осы мақсатта әлгі шамды өт­кі­зетін арнайы пункттер барын айта ке­те­лік. Сол секілді бағасы қымба­т­ты­рақ, бірақ жоғарыда атап өткен­дей пайдасы да мол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста