Бір мекемеде екі жұмыс істеуге бола ма?
Мен өзім ауруханада тіркеуші болып жұмыс істеймін. Енді сол мекеменің техникалық қызметін қоса атқарсам деймін. Бұлай бір жерде екі жұмыс істеуге бола ма?
Айман, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің заңнамаларына сәйкес (198-б.) негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқаратын жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығы нормасынан (яғни 8 сағат) 4 сағаттан аспауға тиіс. Осы орайда кез келген қызметкерлердің 2 ставкада (яғни 16 сағат бойы) жұмыс істеуіне жол берілмейді. Сонымен қатар зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қоса атқаратын жұмыстарда істеуге болмайды.