Өмірінде бір рет те болса жақсы көру, махаббат дегенді басынан кешірмеген адам жоқ шығар?!. Айтыңыздаршы, осы «бір көргеннен ғашық болудың» ғылыми-психологиялық дәлелі бар ма?
Аида Бекенқызы, Қызылорда қаласы
Махаббат жайлы сонау адамзат саналы ғұмыр кеше бастағаннан бүгінге дейін миллиондаған сөздер мен том-том кітаптар жазылған. Солай бола тұра, ересек өмірдің есігін жаңадан ашқан жас ұрпақ үшін ол жеті құлыптың ар жағындағы құпия күйінде қалып отыр. Физиологтардан бастап, психологтар, социологтар, әдебиетшілер мен суретшілер дейсіз бе, махаббатты зерттемеген сала жоқ. Осылардың ішінде ең ежелгі әдебиеттерге үңілсек, үнді даналығында мынадай сөз бар екен:
Адам құмарының үш негізі бар: жан, сана, дене.
Жан ынтығынан – достық;
Сана ынтығынан – сыйластық;
Дене ынтығынан – тілек туады.
Осы үш ынтықтықтың бірлігінен махаббат туады.
Ал енді ғылыми тұрғыдан келер болсақ, онда Австрияның атақты психиатры Зигмунд Фрейд махаббатты түйсік деп тауып, бүкіл адам өмірінің махаббат пен өлім деп аталатын екі түйсіктен тұратындығын айтса керек. Ал философ Эрих Фромм болса, өз еңбектерінде махаббатқа өнер деп қарап, оның адам бойынан бір ұлылықты, құрбандықты талап ететіндігін тілге тиек етеді.
Махаббат жайлы ең соңғы жазылған «Махаббат формуласы» атты ғылыми еңбектің авторы, тұлғааралық қатынастарды зерттеуші ғалым Е.И.Сушко мынадай нақты формула келтіреді:
Махаббат = қызығушылық + қажетті қанағаттандыру.
Ал бір көргеннен ғашық болу дегенді ғалым «Бір қарағаннан-ақ ол адамның бойынан көзге көрінбейтін, бірақ өзіне орасан күшпен тартып тұратын бір белгісіз нәрсені аңғару», – деп түсіндіреді. – «Махаббаттың көзі соқыр» дейді, бірақ ол өзіне керекті өзгелерден жүз есе артық көріп, тіпті миллиондардың ішінен адаспай тауып алатын қасиетке ие».
Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Последние статьи автора