Елімізде дәстүрлі түрде «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп тұрады. Биыл қай қаламгердің шығармаларын ел болып оқимыз?
Мәрзия Төлегенқызы, Алматы облысы
«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша биылғы жылы ел болып оқитын кітап ретінде қазақтың классик жазушысы Оралхан Бөкейдің шығармалары таңдап алынды. Бұл әдеби-танымдық шараны, негізінен, кітапханалар мен жоғары оқу орындары мен мектептер жүзеге асырады. Жоба барысында Оралхан Бөкей шығармалары қалың оқырманға кеңінен таныстырылып, бұл бағытта барлық кітапханалар мен оқу орындарында, мектептерде кітап көрмелері, әдеби кештер, зерттеушілер мен әдебиеттанушылармен кездесулер ұйымдастырылып, қаламгер шығармашылығы бойынша түрлі конференциялар мен ашық сабақтар өткізілмек. Жалпыұлттық шара саналатын бұл жобаның басталу салтанаты жуырда Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұйымдастырылды. «Бір ел – бір кітап» акциясының идеясы АҚШ-тың «Бір кітап – бір Чикаго» және «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітапты оқып шықса...» атты көпшілікке танымал кітапханалық жобаларының негізінде дүниеге келген.
Бүгінде бұл жоба біздің елде де жалғасып келеді. Осы бағытта бұл акцияға Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жұбан Молдағалиевтің кітаптары таңдап алынған болатын. Өткен жылы оқырмандар Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романымен жақынырақ танысты.
«Бір ел – бір кітап» биыл кімге арналмақ?
Последние статьи автора