Бiр баспа табақ – 16 парақ
Кез келген кiтаптың соңында «көлемi бәленбай баспа табақ» деп жазылып тұрады. Сонда бiр баспа табақ неше беттi құрайды және кiтап көлемiн бұлай өлшеу қашан пайда болған?
Әлия ӘМIРОВА, Қостанай қаласы
Кез келген кiтап, баспасөз өнiмiнiң көлемi шартты баспа табағымен өлшенедi. Бiр баспа табақ – орта есеппен алғанда 60х90 сантиметрдi құрайтын 16 беттен (парақтан) тұрады.
Бұған қанша әрiптiк таңба мен суреттер кететiнi олардың көлемi мен түрлерiне байланысты. Үлкен кiтаптар мен iрi басылымдардың көлемiн анықтауда да осы әдiс қолданылады. Түсiнiктi болу үшiн айта кетейiк, мысалы, екi баспа табақ шағын кiтапша 32 беттен тұрса, бес баспа табақ кiтап 80 беттi құрайды. Шартты түрде алғанда 16 бетке, яғни бiр баспа табаққа 700 жол өлең мәтiнiн немесе 40 мың баспа белгiлерiн (әрiптер мен тыныс белгiлерiн) және 3 000 см2 көлемдегi суреттер жиынтығын сыйғызуға болады.
Мәселен, қолыңыздағы сегiз беттен тұратын «Алаш айнасы» газетiн екi бүктесеңiз, ол 16 беттi құрайды, ал үш бүктесеңiз 32 беттен тұратын шағын кiтапшаға ұқсап қалады. Демек, бұл басылымның көлемi екi баспа табақты құраған болып шығады.
Полиграфия саласы озық техникалармен жабдықтала бастаған бүгiнгi уақытта компьютерлер қажеттi мәтiндi теру барысында баспа табақ көлемiн автоматты түрде өзi анықтап, белгiлеп бере алады.