Биосаясаттың мәні не?

Ғылыми әдебиеттерден биосаясат деген терминді кездестіріп қалдым. Бұл терминнің мәні қандай?
Рима,
Ақсай қаласы
Биосаясат – саясаттану ғылы­мы­ның бір саласы. Ол адамның саяси іс-әрекеттеріне баға беру үшін биология ғылымының мәлі­мет­терін, ұғымдары мен әдістерін пай­даланады. Биосаяси фактор­лар­ға ежелгі грек ойшылдары Пла­тон, Аристотель ерекше мән беріп, саяси өмірге биологиялық жайттар тіке­лей әсер етеді, яки “кейбір адам­дар – жаратылысынан құл­дар” деп па­йым­даған. Кейін осы идеяны Н.Ма­киавел­ли, Т. Гоббс, Дж. Локк да­мытқ­ан. П.Корнин, Р.Мас­терс, П.Майер, З.Фрейд т.б. ға­лым­дар да ұстан­ды. Биосаясат әлеу­меттік және саяси белсенділік­тің барлық түрі жеке адамның гене­ти­калық ерекше­лік­теріне байла­ныс­ты айқындалады деп санайды. Яғни саяси өмірдегі бас­қыншылық, зор­лық-зомбылық жасау, мінез-құ­лықты үйлестіру т.с.с. құбылыс­тар­дың себебін осы тұр­ғыдан тү­сінді­реді. Осы көз­қа­расты жақ­­­­тау­­шылардың айтуынша, топ бас­­тап, ел басқаратын адамның ден­­саулығы жақсы, күш-қайраты кемел, жігері мол, өң-келбеті келісті т.с.с. болуға тиіс. Биосаясат терми­нін 1920 жылдары Рудольф Кджел­лен енгізген. Оның пайымдауынша, мем­лекет квазибиологиялық орга­низм немесе супербөліктерден тұ­ра­тын зат.Р. Кджеллен әлеуметтік топ­тар арасындағы азаматтық со­ғыс­ты биологиялық тұрғыдан зерт­тей келе, өзінің зерттеу пәнін био­сая­сат деп атады.  Морли Робертс де­ген зерттеуші өзінің биосаясатқа қа­тысты еңбегінде әлемдік саясатты «клет­каның және протоза колония­лар қауымдастығы» деп сипаттады. Фран­цуз ғалымы Мишель Фуко био­саясат ғылымын одан әрі да­мытты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста