Бильярд шары неден жасалады?

Бильярд ойнаған сайын қолыма шарларды алып, ары-берi аударып көремiн. Неден жасалатындығын бiлгiм келедi.
Дархан РАҚЫШ

Бильярд шары өз "ғұмырында" неден жасалмады дейсiз: ағаштан да, саздан да, болаттан да, байкелиттен де, пластиктен де, целлуоидтен де, кристаллиттен де және пiлдiң сүйегiнен де. Ең ұзақ қолданылғаны – пiлдiң сүйегi. 1627 жылдан бастап ХХ ғасырдың басына дейiн пiлдiң сүйегiнен жасалып келдi. Негiзi, шар жасауға ұрғашы пiлдiң азу сүйегi қолайлы болған. Бiр жиынтықты шарларды жасау үшiн екi үлкен пiлдiң азу сүйектерi қажет болатын-ды. Адамзат баласы өркениеттi өмiрге аяқ басқан соң бильярд шарларын жасайтын басқа материал iздей бастады. Пiлдер азайып, Қызыл кiтапқа енгiзiлдi. Алайда пiлдiң сүйегiне жетер ештеңе табылмады. Осы аралықта бегемоттың да, морждың да, жабайы қабанның да, кашалоттың да (киттiң бiр түрi), тiптi жер бетiнде құрып кеткен мамонттардың да азу сүйектерiнен шар жасап көру әрекеттерi қолға алынды. Бiрақ ешқайсысы пiлдiң азу сүйегiндей болмады. Шарлар формасы, салмағы, тығыздығы жағынан бiрдей болып шықпады. ХХ ғасырдың басында америкалықтар шарды байкелиттен жасап шығарды. Бұл жанбайтын және шар жасауға қолайлырақ материал болды. Өткен ғасырдың 30-жылдары фенолоальдегидтi қара майды (смоланы) қолдана отырып, синтетикалық шарлар жасап шығарылды. Қазiр әлемде осындай шарлар қолданылып жүр. Мұны дайындау үшiн фенолоальдегидтi қара майды домалақ шыны қалыпқа құяды, суыған соң белгiлi бiр температурада қыздырады ("пiсiредi"). Әбден дайын болған соң жылтыратып егейдi, өңдейдi. Содан соң өлшеп, бояп, бильярд ойындары талабына сай етiп жiктейдi. Мұндай шар жасауды Германия мен Бельгия бастап, кейiннен Бельгия озып кеттi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста