Безгек ауруынан қалай құтыламыз?

Безгек ауруы тропикалық аймақтарда масаның ерекше бір түрінің шағуынан пайда болады екен. Алматы маңында безгек масалары кезігетін мекендер бар ма? Аурудың қандай белгілері болады? Одан қалай құтыламыз?

Жайнагүл, Алматы қаласы

– Безгек – сары масалардың шағуынан туындайтын трансмиссиялық ауру. Оның тропикалық және овалды деген екі түрі бар. Қауіптісі – тропикалық безгек. Дер кезінде емделмесе, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Ауру белгісі бауырдың, көк бауырдың ісуімен, қанның қызыл түйіршіктерінің азаюымен, дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Инкубациялық кезеңі – бір және алты апта (кей де бір жыл). Безгек күнде, күнара, үш-төрт күнде денені құрыстырып, тоңдырып, дірілдетіп, дене қызуы 40 С-қа дейін көтеріледі. Науқас сандырақтайды, денесі сарғаяды. Негізінен, тропикалық аймақтарда кең тараған. Сондықтан осындай аймақтарға туристік сапармен барғанда, мынадай сақтық шараларын ескерген жөн: балақ-жеңі ұзын киім кию, ашық денеге масаға қарсы крем жағу, аэрозоль, инсектицидтер қолдану. Алматы қаласы безгек ауруына қолайлы аймақта орналасқан. Қала маңында безгек масаларын тарататын 16 анофелогенді суаттар бар. Бірақ 2008-2009 жылдарда безгек жұқтыру оқиғасы Алматыда тіркелген жоқ (2008 жылы шетелден жұқтырып келген бір оқиға тіркелген). Алайда табиғат аясына демалуға барғанда сақтық шараларын ұмытпаған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста