Беташарда сәлем салу Құдайға серік қосу ма?

Беташарда сәлем салу Құдайға серік қосу ма?

Бірде ауылда беташар тойы өтті. Бірақ жаңа түскен келін: «беташар кезінде үлкендерге сәлем салмаймын, өйткені ол ең үлкен күнәға жататын «ширкке», яғни Аллаға серік қосуға жатады» деп байбалам салды. Жиылған жұрт түкке түсінбей, үлкендер жағы «сонда ғасырлар бойы исламды ұстанған ата-бабаларымыз, оның ішінде қанша ғалым-ғұламалардың үлкен күнәні білуге өресі жетпей, сендердің білімдерің жеткен екен ғой» деп қарсылық білдірді.

Келіннің үлкендерге сәлем салу үрдісі Аллаға серік қосу болып табыла ма? Бұл туралы шариғатта не айтылады?
Тәңірберген АҚЖОЛОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы

Иіліп сәлемдесуге ешбір танымал ислам ғалымы «ширк» деп үкім шығармаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «иіліп сәлем бермеңдер, олай істеу – Алла тағалаға серік қосу болып табылады, яки тозақ азабына ұшырайсыңдар» деген тәрізді иіліп сәлем беруді қатты ескертіп келген сахихті былай қойғанда, әлсіз де болса, ешбір хадисі жоқ.

Өкінішке қарай, осындай жағдайлар ел ішінде жиі көрініс беріп қалып жүр. Бұл – діни секторларға санасы уланғандардың қасақана жасап отырған әрекеті. Сондықтан діни басқарма өкілдері жергілікті жерлерде белсенді насихат жасамаса, бұның соңы ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қатер төндіруі мүмкін. Бабаларымыз мыңдаған жыл бойы қалыптастырған ұлттық дәстүрлерімізді сақтау – біздің басты парызымыз болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста