Бейбіт Шүменов қарсылас таппай жүр

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Бейбіт Шүменов шаршы алаңға неге шықпай кетті? Одан хабар бар ма?
Жарқын ТӨРЕҒАЛИ,
Астана қаласы
WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­лас таппай жүр. Бұл туралы Boxingscene сайтына сілтеме жасаған Қазақстан боксының «Вконтактедегі» желісі хабарлады.
Мәселен, Шүменовпен кезде­су­ден қашқақтап жүргендердің бірі WBO тұжырымының әлем чемпионы ұлыбританиялық Натан Клеверли екен.
– Өзінің сұхбаттарында әрдайым мен туралы айта бергеннен кейін Кле­вер­лимен жекпе-жек өткізбек болып хабарласқанбыз. Олардың про­моу­тер­лері де Клеверлидің менімен жұдырықтасқысы келетіндіктерін ашық айтты. Бірақ кейін Бернард Хоп­кинспен жұдырықтасуды жөн көріп, біздің ұсынысымызды қабылдамады. Алайда Хопкинс бұл кезде басқа бокс­шымен келісіп қойған екен. Соны білдік те, Клеверлимен қайта хабар­ласқан едік, ізім-қайым жоқ болып кетті. Егер шаршы алаңда жолығар бол­сақ, қуана жұдырықтасар едім, – депті Шүменов аталмыш сайтқа бер­ген сұхбатында.
Сондай-ақ жерлесімізбен жекпе-жекке шығудан америкалық боксшы Чед Доусон да бас тартқан көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шү­ме­новтің кәсіпқой шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жыл­дан асып кетті. Соңғы рет өткен жыл­дың 2 маусымында рингке көте­ріл­ген қандасымыз мексикалық Энрике Орнеласты жеңген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста