Бахайшылар кімдер?

Жуырда жұртты Бахай дініне шақы­рып жүрген бір адамды кезіктірдім. Бұл се­нім туралы мәлімет беріп өтсеңіздер.
Қасым ТАСТАНБЕКОВ,
Ақтау
Бахай ілімі XIX ғасырдың ортасында қа­зіргі Иран жә­не Ирак территориясында пай­да болған, негізінен, мұ­сылман дінінің шиит­тік мәзхабынан таралған деп есеп­те­леді. Негізін салушы – Мырза Хусейн Әли Нұ­ри. Өзін «тоғызыншы пайғамбармын» деп жариялаған Мырза Хусейнді Баха-ұлы деп атайды. Бахайшылар әлемдегі бар­лық діндер бахай дініне бірігуі керек деп есеп­тей­ді. Қазір бұл діни топтың штаб-пәтері Из­раильде, Хайфа қаласында орналасқан. Әлем­де жалпы саны 5 миллионға жуық ба­хай се­німін қолдаушылар бар делінеді. Негізгі қол­даушылары Африкада, саны 1 млн адам. Көп­теген мұ­сылман мемлекеттерінде бахай се­німін насихаттауға тыйым салынған. Іslam.com.kz сайтының хабарлауынша, бахаизм – Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуден туған космополиттік ағым. Мұхаммед пай­ғам­барды «соңғы пай­ғам­бар» деп, ислам дінін «ақырғы дін» деп са­на­майды. Оның орнына әлемдік дін, әлемдік тіл, әлемдік мәдениет секілді идея көтереді. На­маз оқи­ды, ораза ұстайды, зекет береді, қа­жыға барады, бі­рақ олардың орындалуы өз­геше. Намаз күніне үш рет, үш түрлі болып оқы­лады. Құбыласы – Бахауллаһ әулиенің Ак­­ка­дағы мазары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста