Таяуда дәрігерлер менің бауырымда ісік барын анықтады. Олар бірден «ота жасап, ісікті алып тастау керек» дейді. Бұл қауіпті емес пе? Жалпы, мұндай ісік неден пайда болады, одан жазылу мүмкін бе?
Бауыржан ЕЛДОСОВ, Алматы қаласы
Ерғали ИБАДУЛЛАЕВ, онколог-дәрігер:
– Бауырда қатерлі ісігі бар адамның ерекше күтініп жүргені жөн. Өйткені күйзеліс, қатты шаршау, ұрыс-керіс сынды жүйкеге, ағзаға жағымсыз салмақ түсіретін жайттар дертті асқындырып, ісіктің қатерлі түріне айналдыруы мүмкін. Денсаулығын ойлаған адам ісік кішкентай кезінде тезірек дәрігер мамандарға қаралып, тиісті ем-домын үзбей алуы керек. Бұл жерде дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау өте маңызды. Ал ота жасатудан қорықпау керек. Дәрігерлер науқастың бауыр тінінің кішкене бөлігін алып, тексеріп көреді. Сөйтіп, қауіпті ісіктің клеткаларын анықтайды. Науқастың қалай және қанша уақыт емделу керектігі соған байланысты шешіледі. Дәрілерді дер кезінде қабылдаса, ісік клеткалары өсуін тоқтатады. Егер ісік бауырда болса, оны отамен алып тастауға қорықпаса да болады. Себебі бауыр қайтадан қалпына келеді. Бір сөзбен айтқанда, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, дер кезінде ем қабылдаса, бауыр ісігінен толық айығуға мүмкіндік бар.
Бауырдағы ісіктен айығуға бола ма?
Последние статьи автора