Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде елге демалысқа келген сәтінде зиялы қауым өкілдерін жинап, дәріс оқыған және сол баяндамасы кейіннен «Соғыс психологиясы» деген атпен кітап болып жарияланған көрінеді. Сол лекцияның жай-жапсарын білгім келеді.
Ержан БАҒАЙДАРҰЛЫ, Шымкент қаласы
1944 жылы қысқа мерзімге елге келген Бауыржан Момышұлы ғылым, әдебиет пен өнер саласы өкілдерінің іріктелген тобымен арнайы әңгіме өткізген. Оған Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, К.Мыңбаев, Г.Рошаль, Ә.Марғұлан, А.Жұбанов секілді басқа да белгілі қайраткерлер қатысқан. Ұлы Отан соғысының бірсыпыра кезеңдерін әңгімелей отырып, Баукең: «Бұл менің соғыс туралы толғаныстарым емес, менікі – жай ғана ерлікке тәрбиелеу туралы ойлар», – дейді.
Баукеңнің бұл баяндамасы кейіннен «Соғыс психологиясы» деген атпен жарық көрген. Аталған еңбектің күні бүгінге дейін Ресеймен қатар, Куба, Никарагуа, Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Испания, Жапония, Израиль, Вьетнам елдеріндегі әскери оқу орындарында оқытылуы – Б.Момыш- ұлының шебер қолбасшылығын әлем халықтарының сөзсіз мойындағанының айғағы.
Баукең кімге дәріс оқыған?
Последние статьи автора