«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы жайлы не білесіз?

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолының Қазақстан аумағы арқылы өтетіні белгілі. Менің білгім келгені – Қазақстан аумағында­ғы осы жолдың ұзындығы қанша және ол қай облыстардың тер­рито­риясы арқылы өтеді? Бұл жолмен көліктер қай уақыттан бастап жү­ре алады және ол толығымен қашан аяқталады?
Жантілеу Ертілеуов,
Жамбыл облысы
2011 жылдың аяғына дейін «Ба­­тыс Қытай-Батыс Еуропа» авто­дә­лізінің 750 шақырым болатын учас­кесінде автоқозғалысын ашу жос­парланып отырған көрінеді. Бұл ту­ралы VIII халықаралық «Казав­то­дор-2011» көрмесінде ҚР көлік жә­не коммуникация министрі Берік Ка­малиев мәлім етті.
Ол төрт облыста ұзындығы 1815 шақырым болатын учаскеде жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Оның айтуынша, барлығы 2415 шақырым жол тапсырылмақ­шы.
«Қытаймен шекарадан бастап, Түркістанға дейін бетон жұмыстарын жасап жатырмыз. Түркістаннан Ре­сей Федерациясының шекарасына де­йін асфальтбетон жұмыстары жүр­гізілуде», – деді Б.Камалиев мырза.
Министрдің айтуынша, жол құ­ры­лысына 35 мың жұмысшы мен 6000-дай техника жұмылды­рыл­ған.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының Қазақстан арқылы өте­тін учаскесінің ұзындығы – 2787 ша­қы­рым. Автодәліз бес облыстың терри­то­риясы арқылы өтеді. Жо­баның жал­пы құны 825 млрд тең­ге­ні құрайды.
Жоба жолдың 1391 шақырым учас­­кесін төрт жолақты І техникалық ка­те­горияға ауыстыруды, ұзындығы 1061 шақырым болатын қалған учас­­кені ІІ техникалық категорияға ауыс­тыруды қарастырады.
 Бұл халықаралық автомобиль жолы Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қы­зыл­ор­да және Оңтүстік Қазақстан об­лыс­тарын басып өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста