Жаз мезгілінде әркімнің өз мүмкіндігінше емделіп, денсаулығын түзеуге тырысатыны белгілі.
Нұрсұлу МАМЫРБЕК, Жаңақорған ауданы
Емнің бұл түрінің көпшілік арасында кең таралуының себебі түсінікті. Ішкі органдарды қыздырумен қатар, қан айналымын және ағзадағы зат алмасу процесін жақсарта отырып, құрамында металл, түрлі дәрумендер, гормондар мен биоынталандырғыш элементтер көп емдік батпақ сынықтың тез бітуіне, күйіктің орны пен операциядан кейінгі тыртықтың тез жазылуына, проктит, простатит, созылмалы демікпе, өкпе қабынуы ауруларын емдеуге жақсы көмектеседі.
Алайда қан аурулары мен жаңадан белең алып келе жатқан белгісіз сырқаттар тұсында, жүктілік, жүрек, бүйрек, қан тамырларының кеңеюі жағдайында емдік батпақты мүлде пайдалануға болмайды. Тіпті денсаулығы жақсы адамдардың өзі де сақтық үшін әуелде батпақты жеңіл киімдердің сыртынан жапсырып көріп, әсерін байқағаны абзал. Батпақпен тұтастай сылану оңай сынақ емес, яғни мұндай жағдайда ағзаға түсетін салмақ өте зор болмақ.