Әдетте көп ақша немесе сан жетпейтін есеп туралы айтылғанда, «шаш жетпейді» деген тіркес қолданылады. Шындығында, адамның басындағы шаштың орташа саны қанша екенін білуге бола ма?
Әли Асқарұлы, Павлодар қаласы
Адам ағзасын зерттеуші мамандардың айтуынша, әр адамның басында 90 мыңнан 150 мыңға дейін шаш өседі екен. Орта есеппен шаш күніне – 0,33 мм, жылына – 12 см, адамның бүкіл ғұмырында 7,6 метрге дейін өседі екен. Күніне әр адамның басынан 30-дан 120-ға дейін шаш түседі. Адамның шашы 15 пен 30 жас аралығында өте тез өсуге бейім келеді. Шаштың өсуі 50 жастан кейін тежеле бастайды. Тағы бір қызығы, шаш қыс мезгіліне қарағанда, жазда жақсы өседі екен. Шаш қылының мықтылығын алюминиймен салыстыруға болады. Сондай-ақ шаш дымды тартып алғыш келеді. Ер адамдардың шашы 2 жыл, әйел адамдардың шашы 4-5 жылға дейін өсуі мүмкін. Сары шаштылардың шашының талы көбірек, қалың болып келеді екен. Оларда шамамен 150 мың тал шаш болады. Ал қара шаштылардың шашы сұйық болғанымен, есесіне шаштарының қылы жуан болады. Шаштың құрамы негізінен ақуыздан тұрады. Ерлердің шашы әйелдерге қарағанда тез сирегіш болып келеді. Оның себебі әйелдер шашының тамыры ерлердікіне қарағанда 2 мм терең орналасатын көрінеді.
Баста қанша шаш болады?
Последние статьи автора