Баскетболды кім ойлап тапқан?
«Баскетбол ойынын кезінде бір адам ойлап тапқан» дейді. Бұл ойын, шынымен де, біреудің авторлық еңбегі ме?
Мағжан Бекболатұлы, Астана қаласы
Баскетболды канадалық спортшы, педагог Джеймс Нейсмит ойлап шығарған делінеді. Ол бұл ойынға жергілікті халықтың «Құздағы үйрек» деген ойынын негіз етіп алған. Мейлінше биік жартасқа таяқ лақтырып, бәсекелесетін ойын Нейсмитке кейін basketball («себет», «доп» дегенді білдіретін біріккен сөз) аталған командалық жарыстың тұжырымын жасауға түрткі болыпты. АҚШ-тың Спрингфилд қаласындағы Халықаралық YMCA колледжінде анатомия мен дене тәрбиесінен сабақ беріп жүрген педагог мұны студенттерге арнап қолдануды ұйғарады. Жабық залда ойнауға болатын бұл ойын қыс мезгілінде жеткіншектер үшін нағыз қолайлы ермекке айналады. 1891 жылы Нейсмиттің өнертабысы бойынша тұңғыш ресми сайыс өтті. Осыдан кейін баскетболдың өзіне арналған дербес спорттық құрал-жабдықтар шығарылып, қолданысқа ене бастады. Арада аттай 45 жыл өткенде командалық спорттық ойын Олимпиадалық сайыстар құрамына енді.