Баскетбол добын қалай таңдап алуға болады? Негiзi, баскетболшылар ойнайтын доптың салмағы қанша?
Ермек ҚАРАТАЛОВ, Семей қаласы
Баскетбол ойыны өткен ғасырда АҚШ-та дүниеге келген. 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының бағдарламасына ендi. Баскетбол добы жабық кешенде және ашық аспан астында ойнауға арналып, екiге бөлiнедi. Сонымен қатар ерлер мен әйелдерге арналған доп – екi түрлi. Доптың салмағы 567-650 грамм аралығында. Ал әйелдерге арналған доптың көлемi мен салмағы бұдан сәл кiшiрек болады.
Баскетбол добын таңдағанда алдымен оны үрлеп алған дұрыс. Содан кейiн еденге тастап көрiңiз. Доп шамамен 1,20 – 1,40 метрге дейiн көтерiлуi керек. Баскетбол добы былғарыдан, жасанды былғарыдан және резеңкеден жасалады. Сондай-ақ стритболға арналған түрлi-түстi доптар да бар. Әлемдiк аренада былғарыдан жасалған доптың бағасы 96 АҚШ доллары болса, жасанды былғарыдан жасалған допты 41-60 долларға, ал резеңке допты 9-19 долларға сатып алуға болады. Бiздiң елде ең арзан доп – 1 000 теңге. Қытайда жасалған мұндай доптарды базардан сатып ала аласыз. Кәсiби доптар спорттық дүкендерде 9 мың теңгеден жоғары тұрады. Олимпиада ойындарында «B7L» маркалы былғары доп қолданылады.
Баскетбол добының салмағы қанша?
Последние статьи автора