Бәсекеге ең қабілетті ел – Швейцария
Бәсекеге қабілеттілігі жағынан 50 елдің қатарында қандай елдер бар және Қазақстан нешінші орында тұр?Жанар Сарқытова, Алматы
Дүниежүзілік экономикалық форум ғаламдық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған рейтингі бойынша Қазақстан биыл бір сатыға төмендеп 67-орынға табан тіреді. Аталған тізімді Швейцария бастап тұр, бұдан кейінгі орында АҚШ пен Сингапур, алғашқы бестіктің қатарына сондай-ақ Швеция мен Дания кіреді. Одан кейінгі кезекте Финляндия – 6, Германия – 7, Жапония – 8, Канада – 9, Нидерланды – 10, Гонконг – 11, Тайвань – 12, Британия – 13, Норвегия – 14, Австралия – 15, Франция – 16, Австрия – 17, Бельгия –18, Корея Республикасы – 19, Жаңа Зеландия – 20, Люксембург – 21, Катар – 22, Біріккен Араб Әмірлігі – 23, Малайзия – 24, Ирландия – 25, Исландия – 26, Израиль – 27, Сауд Арабиясы – 28, Қытай – 29, Чили – 30, Чехия – 31, Бруней – 32, Испания – 33, Кипр – 34, Эстония – 35, Таиланд – 36, Словения – 37, Бахрейн – 38, Кувейт – 39, Тунис – 40, Оман – 41, Пуэрто-Рико – 42, Португалия – 43, Барбадос – 44, Оңтүстік Африка – 45, Польша – 46, Словакия Республикасы – 47, Италия – 48, Үндістан – 49, Иордания – 50.