Бас ауруын жылдам жазатын тәсілдер бар ма?

Бас ауруын жылдам жазатын тәсілдер бар ма?

Таңертеңнен кешке дейін ғимараттың ішінде отырып жұмыс істеймін. Жұмыс тәртібі қатаң болғаннан кейін таза ауаға да сирек шығамын. Сондықтан болар басым жиі ауырады. Қайта-қайта дәрі ішіп те жалықтым. Басты жылдам қойдыратын тәсілдер туралы жазып кетсеңіздер екен?
Айгүл Серікқызы,
Алматы қаласы
1. Бас ауырған кезде қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, жақсы әсер етеді.
2. Уақтылы тамақтану, желдетіл­ген бөлмеде жайлы ұйықтау, серуе­н­деу, суға шомылу, емдік гимнастика жасау бас сырқатын басады, тоқ­татады.
3. Басыңызды ақырын уқалаңыз. Саусақ ұшымен мұқият массаж жасау жақсы көмектеседі. Болмаса ағаш тарақпен маңдайдан желкеге дейін тарауға болады.
4. Бас ауыра бастағанда жарты сағат ұйықтап алу да жақсы көмек­тесе­ді.
5. Самай мен шеке қысып, ұйық­тауға мүмкіндік бермесе, қараңғы әрі салқын бөлмеге кіріп, креслоға ыңғайланып отырыңыз да, жақсы да көңілді нәрсе ойла­нуға тырысыңыз.
6. Түнде басыңызды көрпемен тұмшаламаңыз. Олай етсеңіз, оттегі аздығынан таңертең төсектен басы­ңыз ауырып тұруы мүмкін.
Міне, біз сізге бас ауруын жыл­дам қойдыратын тәсілдер туралы қысқаша ғана айтып кеттік. Осы және халық медицинасында айты­латын басқа да тәсілдерді үнемі қол­данып жүргеніңіз абзал. Ал, ең бас­тысы, ауырмайтын жол іздегені­ңіз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста