«Қазақстан Барысы» жобасының әнұраны туралы білгім келеді. Бұл әнді кім орындайды, кім жазған? Әнұран қалай таңдалды?
Арман ӘКІМБАЕВ, Көкшетау қаласы
«Қазақстан Барысы» турнирінің ресми әнұраны – «Барыс» әні. Қазақ күресінен жүйелі түрде жекпе-жектер өтетінін естіген кезде «Алдаспан» этно-рок тобының жетекшісі Нұржан Тойшы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораевқа жобаның әнұраны боларлық композиция жазып, ұсынған. «Өзім кезінде грек-рим күресімен айналыстым. Сол себепті қазақ күресін әлемге паш ететін жобаға әдейілеп ән жазуды ұйғардым және оны тегін ұсындым. А.Шораев мырзаға ұсынылған ән оның көңілінен шықты. Сөйтіп, жобаның әнұраны болып қалды», – дейді Н.Тойшы. «Барыс» әнін топтың домбырашысы, вокалисі, жас композитор Шамшаддин Омаров жазды, сөзі – Роман Бұрқашевтікі. Ән «Алдаспанның» «Ұлы көш» атты жинағына енді, бейнебаяны да түсірілді.
«Барыс» әні – ресми әнұран
Последние статьи автора