«Кәдуілгі бірқазан деген құс — дін бойынша қасиетті құс» дейді. Оның діндегі орны қандай?
Абзал ЕРГЕНҰЛЫ, Алматы облысы
Бірқазан барлық дінде қасиетті және талай аңыз-әпсаналарға арқау болған құстардың бірі болып саналады. Мұсылман дініндегі аңыздар бойынша, бірқазан тұмсығының астындағы қапшығымен Меккедегі қасиетті орындар құрылысына тас тасыған екен. Еуропалықтардың геральдикасында балапандарын қапшықты тұмсығымен тамақтандырып жатқан бірқазанның суреті ата-ана махаббатының символын айшықтайды. Ежелгі христиан жазушылары бірқазанды адамзат бақыты үшін өзін құрбан етіп, қанын төккен Иса пайғамбарға (Исус Христос) теңейді.
Символикалық мәнге ие болған бірқазан құсы поляктардың шляхеттік гербінен көрініс тапса, Скандинавияда донорлардың айшықты белгісі саналады. Сондай-ақ Петербор педагогикалық университетінің кіреберіс қақпасында бейнеленген бірқазан сол оқу орнының символы болып табылады.
Бар дінге қадірлі бірқазан
Последние статьи автора