Банан жемісі медицинада қолданылады деп жатады. Сонда оның қандай емдік қасиеті бар?
Арсен Тілешев, Өскемен қаласы
Ең алғаш Үндістан мен Қытайдың аумағында пайда болған банан тропикалық жемісі ежелден емдік мақсатқа да қолданылған. Қазіргі медицина оның гүлін жұқпалы іш ауруларын, асқазан жарасы мен демікпені емдеуге пайдаланады. Сондай-ақ бұл ағаштың гүлдерінен сусамырға қарсы сусындар дайындалады. Бананның ауызды уылдыратын шырынының жүйке ауруларына емі бар. Мұндай препараттардан эпилепсия, алапес ауруларын емдеуге және қан кетуді тыюға арналған дәрі-дәрмек әзірленеді. Жаңа көктей бастаған бананның жапырақтары күйік пен басқа да дене жарақаттарын жаза алады. Тіл үйірер жеміс құрамында минералды заттар мол, оны жиі қолдану ағзада гемоглобинді көбейтіп, қаназдық ауруынан қорғайды. Ғалымдар бананның психологиялық күйзелістен арылтатынын да анықтаған. Бұған қоса жемістің қабығы косметологияда сүйелді жоюға қолданылады. Айта кетейік, банан өндірісі Үндістан, Қытай, Филиппин, Бразилия, Эквадор, Индонезия, Танзания, Коста-Рика, Тайланд, Мексика және Колумбия елдерінде қарқынды.
Бананның қандай ауруларға емі бар?
Последние статьи автора