Грек ғалымдары күніне 10 гр балық майын ішу адамдардың арасында жиі кездесетін кенеттен жүрек тоқтауы оқиғасын 41 пайызға қысқартатындығын алға тартады. Цинцинати университетінің ғалымдары күніне 2 гр балық майын қабылдау қан қысымын қалпына келтіретінін дәлелдеген. Олардың пікірінше түрлі дәрілермен емделгеннен гөрі балық майының шипасы молырақ екен және біз өз ағзамызды химиялық уландырудан сақтай аламыз.
Бүгінде отандық мамандарымыздың деректеріне сүйенсек, балық майы кеуде обырын тоқтатуға не болмаса кішірейтуге көп әсерін тигізеді екен. Қытай ғалымдарының пікірінше, обырмен ауыратын адамдардың ағзасында омега 3 амин қышқылы өте аз байқалған. Әсіресе балық майын жүкті әйелдер көп ішкені жөн. EPA және DHA комбинациясын 650мг не болмаса 1000мг мөлшер шамасында ішуі керек, балық майын ішуді жүктілік және сәбиді емізу кезінде де жалғастыруға болады. Бұдан адам иммунитетіне зиян жоқ. Балық майы қандағы Е концентрациясын төмендетеді, сондықтан Е дәрумендерін қатар қолдануы қажет. Мамандардың айтуынша, жұмасына кем дегенде 140 граммдық екі порция балық жеу керек, әсіресе көктем кезінде ағзаның орнына келуіне көмектеседі екен. Балық құрамында минералдар, протеиндер және көп түрлі дәрумендер, омега 3, омега 6, омега 9 амин қашқылдары баршылық. Сүйегімен жейтін сардин, лосось балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтады, фосфор ағзаға керек функцияларды күшейтеді, ал фтор тісті бекітеді. Балық майындағы А дәрумені ағзаны тазартады, зиянды вирустарды жояды, сонымен қатар адам терісінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балығының майымен емдеуге болады. Нәтижесі өте оңды. Жалпы балық майы – адам ағзасына қажеттілігі жағынан бірінші орында тұрған азық. Ал балықтың: патша балығы, сардины, скумбрия, семга, лосось, алабұға, сазан сияқты түрлерін жиі жеу қажет. Бұлардың тіске, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Балық етінде темір көп. Ол ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі.