Өз басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп қой. Сұрайын дегенім, балдың қай түрі ең пайдалы болып есептеледі?
Айзере БАЛМАҒАМБЕТҚЫЗЫ, Аякөз қаласы
Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ ұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (акация), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады.
Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп болады. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.
Балдың қай түрі аса пайдалы?
Последние статьи автора