Балам озсын, парасатты болып өссін десеңіз!

Ініңіз, ұлыңыз, қарындас-сіңліңіз болашақта беделді, абыройлы хəм сыйлы болғанын қаласаңыз жақсылап оқыңыз.

Бірінші: тəрбие үйден басталады. Сондықтан үйде жақсы сөз айтып, көңілді сөйлесіңіз. Шылым-алкогольдің зияны туралы күніне 1 мезгіл құлағына құйып отырыңыз. "Доча, роднулья, сынулья" деп отарлаған опасыздардың тілінде күбірлеуші болмаңыз!

Екінші: балаңыздың бөлмесін компютер, ойыншық, т.б. қажетсіз гаджеттерге толтырмай қабырғаға əлем картасын іліп, сөрелерді кітаптарға толтырыңыз. Əлем картасы - тұнып тұрған энциклопедия! Қараған сайын бала əлем тануға қызығушылығы арта түседі. Ол қызығушылығы кітап оқуға итермелейді. Ал кітап - сарқылмас байлық!

Үшінші: ақшаны керексіз жұмсақ ойыншықтарға шашқанша Алаш көсемдерінің, ұлт мақтаныштарының портретін жасатып қабырғаға іліңіз немесе шағын альбом, буклеттер жасап беріңіз. Ол кісілер кім екенін, ел үшін не істегенін, қанша тер төккенін айтудан жалықпаңыз. Бұл оның алдағы уақытта кімге қарап бой түзеп, қандай тұлға болып қалыптасатынына көмектеседі. Жастайынан "бетмен, супермен, человек паук, халктарды" көріп, соларға еліктегеннен əлдеқайда жақсы ғой солай ма?

Төртінші: Өзіңізді "супер-саясаткер" санап, баланың алдында көсіліп полиция, дəрігер, үкіметті, ұстаздарды қаралап, жерден алып-жерге салып отыруды доғарыңыз! Қайталаймын, доғарыңыз! Бала жастайынан қоғамға қарсы көзқараспен өседі мұндайды тыңдап!

Бесінші: Балаңыз ойынхана, түнгі клуб соңында кетпесін десеңіз мегацентр, сауда үйлер, кафе-ресторандарға апарағанша мешіт, кітапхана, мұражай, кесене, мəдени орталықтарға апарып үйретіңіз. Мұндай ортада өскен бала түнгі клубтардан жиіркенетін болады.

Алтыншы: Олимпиадада неге қазақ баласы жоқ ? - деген сұрақ туындатпас үшін сіздерден өтініш, балаңызды үйірмеге беріңіз! Күйген дүние күйіп кетсін! Мейлі жаңа шубаға ақшаңыз жетпей қалсын, сол ақшаға балаңызға қажетті спорт жабдықтарын алдырыңыз. Үйге турник, кір тастар алдырыңыз! Алдыра алмайсыз ба, үйірмеге бере алмадыңыз ба - "өй осы қазақтар доп тебе алмайды, өй қазақтардан түк шықпайды" деген əңгімені доғарыңыз! Доғарыңыз!

Жетінші: салт-дəстүрге, иманына, рухына, өтініш, уақыт бөліңіз!

Сегізінші: ұлыңыз көшеде төбелесіп келсе ұрысып, жекірудің қажеті жоқ. Ол бала болған соң бəрібір төбелеседі. "Ой балам, ол сенен алып қой, сондада тайсалмаған батырым " деп рух беріп, "біреуге өзің тиіспе, тиіссе намысыңды берме" деп айтыңыз! Бұл менімше ынжық, рухы əлсіреген қазақ жігіттерінің санын азайтады. Рухты жігіттер көбейсе - ешқандай ұлт төбемізге шықпас еді...
Аты шықпаған қызымыз бен аты шулы батыр ұрпағымыз көбейсін!
Саналы, салихалы ұрпақ ата-ана үшін екі дүниенің де бақыты!

Мақсат Әлиев

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста