Балаларға арналған әндер жинағын қайдан аламын?

Жақында «балаларға арналған қазақша әндер жинағы жарық көрді» деп естіп едім. Оны қайдан алуға болады?
Гүлмира Пернебекқызы,
Алматы қаласы
Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғали Нүсіпжанов құрастырған «Біз балдырған баламыз, шыр­қап әнге саламыз» атты жинақ жуырда «Өлке» баспасынан жарық көрген болатын. Аты айтып тұрғандай, жинақта балаларға арналған әндер топтастырылған. Жинақтың жалпы редакциясын басқарған – белгілі публицист-жазушы Мереке Құлкенов. Бар­лық бүлдіршіндерге, ата-аналарға, ән-саз пә­ні ұстаздарына таптырмайтын бұл жинақ арқылы бесік жырларынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы талай тамаша әндермен танысуға мүмкіндік бар. Жаңа кітапта сондай-ақ Нұрғали Нүсіпжановтың ұлттық дәстүрлерімізге кең түсінік берген шағын ойтолғамы берілген. Жинақта бас-аяғы жүзге жуық ән топтастырылған. Олардың басым көпшілігін қазақтың қабырғалы ақындары мен көрнекті композиторлары жазған. Қосымша мәліметтерді «Өлке» баспасы редакциясына (тел: 2760913) хабарласып алуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста