Балалар ойнайтын алаңдар қандай болуы керек?

Кейбір балабақшалардың ауласында кішкентай күрке тәрізді қалқалар жоқ. Балалар күннің көзінде немесе ғимараттың көлеңкесінде ойнайды. Осы дұрыс па? Тағы бір сұрағым келетіні – балабақшалардағы балалар ойнайтын жерлерге плиталардың төселуі дұрыс па?
Самал Күнсарина,
Қызылорда облысы
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талап­тар» ережесіне сәйкес, сәбилер үйінің, мек­теп­ке дейінгі тәрбие мекемелерінің топтық алаңдары әрбір балалар топтары үшін бөлек болады, сәбилер тобында бір орынға 7,5 шаршы метр және мектепке дейінгі ұйым­дарда 7,2 шаршы метр аудан көзде­леді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын алаңдарының көлемі бір балаға кемінде алты шаршы метрден болуы тиіс. Барлық алаңдар бір-бірінен жасыл көшеттермен оқшауланады. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғайтын және көлеңке түсіретін ауданы 40 шаршы метр­­лік көлеңке қалқалары болуы тиіс. Көлең­ке түсіретін қалқалардың едені ағаш тақтай­лар­дан жасалады. Ойын алаң­да­рындағы жабдық балалардың бойына және жасына сай орналастырылуы, сенімді және берік етіп бекітілуі тиіс. Жабдықтың бетінде шығыңқы немесе кедір-бұдырлы жерлер, көрінетін бұрандалар болмауы қажет. Сәби жастағы балалар үшін қозғалыс ойындары­на арналған жабдықтары бар аймақтың бетi шөптен, қалған барлық аймақтар қатты немесе құм себiлген неме­се ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болуы тиіс. Тротуар плита­ны қолдануға жол берiледi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста