Балаға берілетін жәрдемақы табыс болып есептеле ме?

Балаға берілетін жәрдемақы табыс болып есептеле ме?

Менің алты балам бар. Күйеуімнің айлық жалақысына  көп балалы ана ретінде маған төленетін жәрдемақыны және бала бір жасқа толғанға дейінгі берілетін ақшаны қоса есептеп, балаларға 18 жасқа дейін төленетін жәрдемақыны төлемей қойды. Сонда менің көп балалы ана үшін алатын жәрдемақым мен бір жасқа толмаған балама беріліп отырған жәрдемақы табыс болып есептеле ме? 
Қарашаш МАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, отбасы­ның орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері бір айлық есептік көрсеткішті немесе 1 618 теңгені құрайды.
Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміт­кер отбасының жиынтық табысын есептеу ере­жесі бойынша отбасының жиынтық табы­сын есептеу кезiнде Қазақстан Респу­бли­ка­сында және одан тыс жерлерде есептi ке­зең­де алынған табыстың мынадай барлық түр­лерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алы­натын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асы­рауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.

Осыған орай, аталған мәселе бойынша то­лық мәлімет алу үшін, сізге тұрғылықты же­рі­ңіз­дегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­­дар­ламалар басқармасына хабарла­суы­ңыз­­ға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста