Балабақшаға баланы қалай орналастыруға болады?
Баланы балабақшаға қалай орналастырамын? Оның жолдары қандай? Баланы балабақшаға тапсыру қанша жастан басталады?
Дидар БЕРІКОВ, Астана қаласы
Егер сіздің балаңыз бір жас пен алты жас аралығында болса, онда оның мектепалды мекемеге баруға құқығы бар. Ол үшін мыналар қажет:
1) сіз таңдаған мектепалды мекемеде бос орынның барын анықтау;
2) балалар емханасында, санитарлық-эпидемиологиялық орталықтарда берілетін медициналық құжат алу.
Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін ата-ана міндетті түрде аймақтық білім беру органына өтініш жазуы тиіс. Сіздің өтінішіңіз мектепке дейінгі тәрбие бөлімдеріне тіркеуге алынады. Кезек бойынша қашан орын босағанда сіздің балаңыз балабақшаға алынады. Коррекциялық мектепалды мекемеге алыну үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-әдістемелік-педагогикалық комиссияның бекіткен қағазы керек. Осындай анықтама қағазы шипажай үлгісіндегі мектепке дейінгі мекемеге алынатын қарақұрт ауруымен ерте ауырған балалар үшін аймақтық алдын ала емдеу орталықтарынан да берілуі қажет. Балабақшаға қабылдау кезінде ата-анамен келісімшарт жасалады. Бұл келісімшартта екі жақтың өзара құқықтары, білім беру, тәрбиелеудегі атқаратын жауапкершіліктері мен міндеттері айтылады. Сонымен қатар тамақтану мен балабақшаның жұмыс уақыты, ата-ананың таңдап алған ақылы білім беру сағаттары, бағалары жөнінде айтылады.