Балабақша мұғаліміне жалақы қалай есептелінеді?

Мен балабақшада компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні мұғалімі болып қызмет етемін. Апталық жүктеме – 24 сағат. Маған еңбекақы қалай төленуі тиіс?
Алмагүл ДАСТАНОВА,
Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманы­ның мәлі­метін­ше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым­дардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіп­орындардың қызмет­керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқ­сандағы №1400 қаулысымен реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ЛЖ) атқаратын лауазым­дарының лауазымдар санат­тарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайын­далған біліктілік разряд­тарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жа­лақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффи­циенттерді Қазақстан Республи­касының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақы­ның (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқын­далады.
Қаулымен бекітілген Азаматтық қызмет­шілер­дің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалімдерге еңбекақы төлеу – G-9, біліктілігі орта деңгейдегі мұғалімдерге G-11 санаты бойынша жүргізіледі.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолда­нылатын коэффициенттер қаулыға 2-қосым­шада бекітілген.
Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағ­дайлары үшін төленетін қосымша ақы мен үстемеақылар – қаулыға 4-қосымшада, ал санаты үшін қосымша ақы 19-қосымшада қарастырылған.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыланды­рылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесі ҚР білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаң­тардағы №40 бұйрығымен бекітілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста