Мен мемлекеттік балабақшаға есепші болып жұмысқа орналастым. Менің білгім келетіні, мемлекеттік балабақша есепшісінің еңбекақысы заң бойынша қай G санаты бойынша төленуі тиіс? Біреулер «G-10 санаты бойынша» десе, енді біреулер «G-13 санаты бойынша төленуі тиіс» дейді. Осы туралы нақты айтсаңыздар екен.
Хадиша ХАКИМОВА, Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы маманының мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы ) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Қаулыға 1-қосымшамен Азаматтық қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, есепшіге (біліктілігі жоғары деңгейдегі маман) еңбекақы төлеу G-10 цсанаты бойынша, біліктілігі орта деңгейдегі мамандарға G-13 санаты бойынша жүргізіледі.
Бас есепшінің лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады.
Балабақша есепшісінің еңбекақысы қай G санаты бойынша төленуі тиіс?
Последние статьи автора