Балабақша есепшісінің еңбекақысы қай G санаты бойынша төленуі тиіс?

Балабақша есепшісінің еңбекақысы қай G санаты бойынша төленуі тиіс?

Мен мемлекеттік балабақшаға есепші болып жұмысқа орналастым. Менің білгім келетіні, мемлекеттік балабақша есепшісінің еңбекақысы заң бойынша қай G санаты бойынша төленуі тиіс? Біреулер «G-10 санаты бойынша» десе, енді біреулер «G-13 санаты бойынша төленуі тиіс» дейді. Осы туралы нақты айтсаңыздар екен.
Хадиша ХАКИМОВА,
Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы маманының мәліметін­ше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қара­жаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорын­дардың қызметкерлеріне еңбек­ақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулы­сымен (бұ­дан әрі – қаулы ) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйым­дар қызметкерлерінің лауазымдық жалақы­лары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауа­зым­дарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффи­циенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Қаулыға 1-қосымшамен Азаматтық қыз­метшілердің санаттар бойынша лауа­зым­дарының тізіліміне сәйкес, есепшіге (біліктілігі жоғары деңгейдегі маман) ең­бек­ақы төлеу G-10 цсанаты бойынша, білік­тілігі орта деңгейдегі мамандарға G-13 са­наты бойынша жүргізіледі.
Бас есепшінің лауазымы басшы орын­басарының лауазымынан бір санат төмен болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста