Бала туу көрсеткіші ең төмен аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы
Республика бойынша бала туу көрсеткіші ең төмен аймақ Солтүстік Қазақстан облысы екені жайлы жиі айтылып жүр. Нақты статистикалық мағлұматтар бар ма?
Дидар Ақантаев, Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбеттің мәліметіне сүйенсек, былтырғы жыл қорытындысы бойынша бала туу мен некелесу көрсеткішінен ең төменгі орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр екен. Оның мәліметінше, 2010 жылы еліміздегі жалпы туылған 364 813 нәрестенің 75 967-сі Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, ал ең азы Солтүстік Қазақстан облысында – 8751 нәресте.
Былтырғы жыл қорытындысы бойынша ең көп некелескендер де Оңтүстік Қазақстан облысында болыпты – 21 690 жұп, ең азы Солтүстік Қазақстан облысында – 4492 жұп.
Жалпы алғанда, республика бойынша, бала туу көрсеткіші 1991 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан.
1995 жылмен салыстырғанда республикамызда тіркелген неке саны 25 пайызға өскен. 2010 жылы 144357 жастар өздерінің некелерін АХАЖ органдарында тіркепті.