Бала тілі неліктен ойылады?
Соңғы уақытта сәбиімнің тілі жиі ойылатын болды. Мұндайда аузынан сілекейі аға береді. Сұрайын дегенім, баланың тілі не себептен ойылады? Оны қалай емдеуге болады?
Сабина НҰРТАЙҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Баланың тілі, негізінен, тәтті нәрсені көп жегеннен ойылады. Сондай-ақ ішінде ыстығы болуы мүмкін. Мұндайда ең дұрысы, балаға ашудас беріңіз. Оны бала кәдімгі кәмпит сорғандай етіп пайдаланса жақсы. Әрине, ашудастың қышқылынан баланың денесі тітіркеніп, оны мүлде аузына салмауы мүмкін. Ондайда бұрыннан келе жатқан мына тәсілді қолданып көргеніңіз жөн: ошаққа асатын қазанның астына жиналып қалған қара күйені сұқ саусағыңызға қалыңдау етіп жағып алып, баланың тіліне айналдыра жағыңыз. Үш-төрт рет қолданғаннан кейін, баланың сілекейі сап тыйылады.