Бала қандай жанұяда бақытты?

Отбасылар әр түрлі болады: бақытты — бақытсыз, үлкен — кіші, жас және тәжірибелі, балалы – баласыз. Сәби үшін отбасы – әкесі бастық, анасы уәзір есебіндегі ең сенімді қорған қамалы. Дегенмен, әлем тек ғажайыптан тұрмайды, қамалдар құлайды. Әке мен шеше екі айрылғанда кішкентай періште екі қорған арасында қалады. Көп жағдайда ата-аналар баланың көзінше ойланбай-ақ ұрыс-керіс шығарып, санасын улайды, жанын жаралайды. Бала әке-шешенің ажырасуын өте қиын өткізеді. Себебі өзінің жүрегіне жақын жандардың бірінен еріксіз бас тартуға мәжбүр. Ол не әкесінен, не анасынан жырақтайды. Басқа жол жоқ.

Қазір баладан анасы бас тартып жатқан жағдайлар жиі кездеседі. Сонда ананың аялы алақанына зәру сәби әкенің қорғауында қалады. Немесе керісінше. Кішкентай періштелер әр демалыста қасында жоқ анасын, я әкесін күтіп көз майын тауысады. Осылай баланың бейкүнә әлемі талқандалып, жанарынан нұр, жүзінен күлкі жоғалады. Сәби әр кез өзгенің ата-анасын көргенде көзі жасаурап, жаси түспек. Ал өзі күткен анасы оны айына бір көруге ғана келіп, оның жүрегіндегі жараны жаза алмайды.

Кішкентай бала бұл әлемнің мейірімсіздігін жан дүниесінде ерте сезінеді. Одан кейін әкесі қайта үйленеді, не шешесі тұрмыс құрады. Үйде оның не әкесінің, не анасының орнын баспақ болып жаңа адам келеді. Әр бала бұндай жағдайды әр түрлі қабылдайды: бірі селсоқ, бірі қызғанышпен, ал енді бірі өзіне жепейтін жылуды алуға тырысады.

Бәрінен бұрын бұл мәселеде жүрек ауыртатыны сәбилердің тым жас күнінде тағдыр тауқыметін тартуына тура келетіні. Қалай болған күнде де ата-аналар баланың жан дүниесін жараламауға тырысуы керек, баланың алдында бір-бірілері жөнінде жаман айтуға еш болмайды. Әке мен ана әр кез бала үшін үлгі болуы тиіс. Ал бала толыққанды отбасында ғана бақытты болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста