Бүгінде кез-келген дәріханалардан бала көтеруден сақтайтын түрлі таблеткалар мен мүшеқаптарды табуға болады. Ал мұндай мүмкіндігі жоқ өткен ғасырларда нәзік жандылар жоспарсыз жүктіліктен қалай сақтанған? Бұл жайында kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
1. Арнайы медициналық дәрілер мен құралдар шықпай тұрып, әйелдер жатыр ауызын уксуспен немесе лимон қышқылымен сүрткен.
Жыныстық қатынасқа түсердің алдында осы әдісті істеген жағдайда ұрық бірден өледі. Алайда мұның әйелдің жатыр аузының шырышты қабатын күйдіретін, спайка секілді дерт тудыратын зиянды тұсы бар. Ал жатырға вирус түссе, өмір бойына бедеу болу да ғажап емес.
2. Әуретті жеріне сабын салу
Жыныстық қатынасқа түспестен бұрын әйелдер әуретті жеріне сабын салуды да жүктіліктен сақтайды деп ойлаған. Алайда мамандар мұның қате екенін анықтап берген. Мұнан бөлек сабын салып, әурет жердің микрофлорасын өзгертіп алу мүмкіндігі де үлкен.
3. Ер адам төсек қатынасымен айналыспас бұрын ыстық суға түсуі керек.
Бұл да әйелдердің ойлап тапқан мифі. Денсаулығы мықты ер адамның ұрығын ыстық судың түбегейлі "ұйықтатып" тастауы мүмкін емес.
4. Төсек қатынасынан соң бірден кіші дәретке отырып, жатыр ауызын жуып тастау
Ер адамның ұрығы су тиген жағдайдың өзінде толықтай жуылып кетпейтіні анықталған. Оның үстіне дәрет шығару жолы мен жатыр аузының бір-біріне мүлде қатысы жоқ.
5. Төсек қатынасынан бұрын әйелдің әуретіне аспириннің 1-2 түйірін салып қою.
Жатыр ауызына аспирин салып қою да кезінде кеңінен таралған. Алайда бұл да уксус пен лимон секілді түрлі ауруларға жетелейді.
6. Жұптар арасында күнтізбеге қарап, жыныстық қатынасқа түсу де болған.
Олар жүкті болмауы үшін арнайы күндерге сәйкестендіріп отырыпты. Қазіргі медицинада да жүктілікті күнмен есептеп беретіні рас. Алайда күнтізбедегі қауіпсіз күн жүктіліктен 100% пайыз сақтайды деп сену ақымақтық.