Әдетте, емшектегі баласы бар жас аналар тез толып жатады. Қыз кезіндегі әдемі мүсінін жоғалтқанына налып, күйзеліске түсетіндер де аз емес. Ендеше, төмендегі кеңесімізге көңіл бөліңіз.
Жас ананың ас мәзіріндегі 7 ереже
«Балаға сүт керек» деп аузыңызды тамақтан босатпау – үлкен қателік. Ары өтіп, бір тістеп, бері өтіп, бір тістеуді қойыңыз. Күніне 3-5 рет тамақтану керек. Ол – таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және 1-2 жеңіс ас болсын. Бастысы, әр күн белгілі бір уақытта тамақтануды әдетке айналдырыңыз. Жеңіл аста тәтті тоқаш немесе конфет жеудің қажеті жоқ. Оның орнына жеміс-жидек пен сүзбеге көбірек көңіл бөліңіз. Сондай-ақ сүтіңіз құнарлы, әрі көп болуы үшін түрлі жаңғақтар жеңіз.
Қою тамақ қана емес, сусынның да рөлі көп екенін естен шығармаңыз. Тәтті газдалған сусындар мен дүкеннен алатын шырындарды доғарыңыз. Мұның ағзаға пайдасынан калориясы көп екенін ұмытпаңыз. Емшекте баласы бар аналардың күнделікті қолданатын таза суының мөлшері дене салмағының әр киллограмына – 1 литр су қатынасында болуы керек.
Ас мәзірінің негізін жануар ақуызы құрауы керек. Бұл – майлылығы төмен ет, сондай-ақ көк-сөк пен көкөністер. Мұндай тағамдардың калориясы да аз, бала емізетін аналарға да еш зияны жоқ.
Сүт өнімдерін көбірек қолданыңыз. Бұл ашырқау сезімін тез жояды, сондай-ақ баланың ағзасына қажетті пробиотиктердің керек мөлшерде бөлінуін қамтамасыз етеді.
Негізінен тек қара нан жегеніңіз жоқ. Оның пайдасы ақ наннан әлдеқайда көп.
Күніне 1 ас қасық тазартылмаған (нерафинированный) зәйтүн майын қолданыңыз. Оны салатқа қосуыңызға болады. Майдың құрамындағы омега-3-тің әйел ағзасы үшін пайдасы мол. Сондай-ақ тері мен шашыңызға да тек оң әсері болмақ.
Киви, алма сияқты жемістерді көбірек жеңіз. Олар артық салмақпен күресіп қана қоймай, босанудан кейінгі ішектердің жұмысын ретке келтіреді.
Бала емізіп жүріп семіріп кетсеңіз...
Последние статьи автора