Бала бір жасқа толғанша жалақының 40 пайызы төленеді деген сөз рас па?

Бала бір жасқа толғанша жалақының 40 пайызы төленеді деген сөз рас па?

Мен мектепте 08.02.2011–01.06.2011жылдар аралығында жұмыс істеп, декреттік демалысқа шығып, бала күтіміне байланысты үйде отырдым. 2012 жылдың 1-қыркүйегінен жұмысқа шығып, желтоқсан айында қайта декреттік демалысқа шықтым. Менің орташа айлығым – 58000 теңге. Осы орайда менің білгім келгені, бала бір жасқа толғанша осы үш айдағы орташа айлықтың 40%-ын аламын ба?
Гүлмира,
Қызылорда облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, бала туылған соң қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі – ЗТМО) барып, келесі төлемдерді ала аласыз:
1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – ӘТбк); Оның мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан ары – Қор) түскен әлеуметтік аударымдардың (бұдан әрі – ӘА) негізінде анықталады. ӘТбк бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы ӘА жүргізілген орташа айлық табыстың 40% мөлшерінде тағайындалады. Сіздің жағдайыңызда, бала туылғанға дейінгі соңғы 24 ай ішіндегі сіздің орташа айлық табысыңыз жұмыс істеп алған жеті ай ішіндегі (2011 жылдың ақпанынан маусымға дейін 4 ай және 2012 жылдың қыркүйектен желтоқсанға дейін 3 ай) табыстарыңыздың сомасын 24-ке бөлу жолымен анықталады. Бұл орайда, сіздің ӘА төленген орташа айлық табысыңыз төмен болуы мүмкін.
Қордан төленетін ӘТбк мөлшерін есептеу кезінде бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішіндегі ӘА жүргізілген орташа айлық табыстың мөлшері төмен болса, онда ӘТбк бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін тағайындалатын мемлекеттік жәрдем­ақының деңгейінде тағайындалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста