Бала асырап алудың тәртібі қандай?

Отбасымызда үш қызымыз бар, енді бір ұл бала асырап алсақ деп едік. Бұған жолдасым да қарсы емес. Заң бойынша бала асырап алу тәртібі қалай жүзеге асады?
Айдана СЕРІКБАЙҚЫЗЫ,
Қарағанды 
Бала асырап алу– заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Ол бала өзіңізден туған ұлыңыздай барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Ал ата-аналар үшін бұл – бала тағдырына және оның толық дамуына ең жоғары дәрежедегі жауапкершілік есебінде. ҚР «Неке және отбасы» Заңының 77-бабының 1-тармағына сәйкес, баланы асырап алуды әлгіндей игі қадамға барғысы келген адамдардың арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істері сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көрсетілген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады. Өтініш баланың тұрған жеріндегі аудандық сотқа беріледі. Бала асырап алу туралы өтінішке келесі құжаттарды ұсыну керек:
• қорғаншылық және қамқоршылық органның асырап алу жөніндегі қорытындысы:
• асырап алушылардың тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
• баланың туу туралы куәлігі және акт жазбасының көшірмелері;
• асырап алушының денсаулығы, дене және ақыл-есінің дамуы туралы медициналық қорытынды;
• заң бойынша қажет жағдайларда баланы асырап алуға ата-аналарының келісімі;
• 10 жастан бастап баланың асырап алуға берген келісімі;
• өтініш берушінің көзделген баланың асырап алушысы бола алатындығын дәлелдейтін айғақтар (ереже бойынша балалар мекемелерінің – балалар үйлерінің, басшыларының асырап алушының бала­мен жасаған қарым-қатынасы туралы қорытындысы).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста