Жуырда бізде «Интернет-дода» байқауы өтеді деп естідім. Оған кімдер қатыса алады және қойылатын талаптар қандай?
Гүлжамал ҚОЖАБЕРГЕН, Алматы
Елімізде тұңғыш рет қазақтілді сайттар арасында ұйымдастырылып отырған «Интернет-дода» байқауы бүгін басталды. Оған мемлекеттік тілді насихаттап, еліміздегі жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ғаламтор желілері қатыса алады. «Интернет-дода» байқауына тек жастарға арналған мемлекеттік тілдегі, «kz» домені бар веб-сайттар ғана қатыса алады. Телеарна, радио, газеттер мен мемлекеттік мекемелердің, шетелдік ұйымдардың сайттары байқауға қатыстырылмайды. Ал іріктеу жұмысы барысында веб-сайттардың мазмұны, дизайны, грамматикасы, жаңартылуы, оқырмандардың саны мен пікірлері, фото-бейне материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінеді.
Барлық өтініштер 10 қазаннан бастап 30 күн бойы қабылданады. Байқау қорытындысы қараша айында шығарылады, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Современнный город» қоғамдық бірлестігі.
Байқаудың талаптары қандай?
Последние статьи автора