Байқаудың бағыты қандай?

Байқаудың бағыты қандай?

Жақында «Заңғар» шығармашылық бірлестігі жастарға арналған шығармашылық байқау жариялады» дегенді естіп едім. Ол қандай жанрларды қамтиды және байқау талаптары қандай?
Асхат,
студент
Бұл байқауды «Арда» атты жас таланттарға арналған әдеби-көпшілік басылым Алматы қалалық Білім басқармасы және «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен өткізеді. Байқауға шығармаларды қабылдау үстіміздегі 10 қарашаға дейін ғана жүргізіледі. Жүлдегерлерді марапаттау алдағы желтоқсан айының басында өткізіледі. «Ел еңсесі – егемендік» деген тақырыпта өткізілетін шы­ғармашылық байқауға республикадағы бар­ша мамандандырылған лицей, гим­назиялар мен жалпы бірім беретін мектеп оқушылары және колледж студенттері қатыса алады.
Жүлде қоры:
1-орын − 75 000 тенге (екеу)
2-орын − 50000 тенге (екеу)
3-орын – 25 000 тенге (екеу)
Ынталандыру сыйлығы – 5000 теңге және ұялы телефондар
Шығармашылық байқау поэзия, проза номинациялары бойынша жүреді.
Жолданған өлеңдер бес шумақтан, әңгімелер төрт  компьютерлік беттен аспауы тиіс. Іріктелген үздік шығармалар Республика­лық «Арда» жас ақындар газетіне жария­ланып, жеңімпаздар SMS дауыс беру арқылы анықталады.
Сайысқа қатысуға үміткерлер шығарма­ларымен бірге, кәсіби студияда түсірілген фотосуретін және толық аты-жөні, мектебі, мекенжайы, байланыс телефондары жазыл­ған қысқаша өзі туралы мәліметтерді жіберуі керек Шығармалармен бірге «Арда» газетінің Қазпошта арқылы 2011 жылдың 2- жарты­жылдығына жазылған түбіртегі жіберілуі – міндетті шарт. Газеттің жазылу индексі – 64403. Байланыс телефондары 264 25 94.
Жеңімпаздардың жұмыстары (өлеңдері мен әңгімелері) жеке жинақ болып басылады.Үздік өлеңдер мен әңгімелер тұрақты түрде «Арда» жас ақындар газеті бетінде жарияланады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста