BABY-DOLL-ды білесіз бе?

Сән әлеміне ілесу қиын. Бірақ одан қалуға да болмайды. Қашанда әдемі көріну үшін неден бастау керек?
Нұрсая,
Шымкент

Ең алдымен, стильді білу шарт. Мәселен, сasual, винтаж, рin up. преппи, трамп, кантри, герли, бэйби-дол секілді стиль түрлері бүгінде сән әлемінде өз үстемдіктерін жүргізіп тұрған жайы бар. Мәселен, рin up стилі көпшілікке Мэрилин Монро, Бриджит Бордо секілді байырғы әлемдік киножұлдыздардан бастап, бүгінгі Кристина Агилера т.б әншілер арқылы таныс. Киім өте қысқа, кеуде тұсы ашық, денеге жабысып тұруымен ерекшеленеді. Ал преппи стилі болса жинақылығымен ерекшеленетінін ескерсек, ондай стильде киінген ер болсын, әйел болсын белгілі бір іспен, көбіне ақыл-ой еңбегімен шұғылданатынын білу қиын емес. Сондай-ақ теннис, гольф, лакросс секілді спорттық киімнің классикалық үлгілері осы стильге жатады. Ал Америкада өткен ғасырдың 50-жылдары сәнге айналған кантри стилінің басты ерекшелігі – ковбой бейнесін көз алдымызға келтіретіндігінде. Ол еркіндіктің белгісі іспетті. Ал қыздар үшін таптырмайтын стиль – герли және бэйби-долл. Себебі екеуі де сүйкімді жаратылыс иесінің талдырмаш бейнесін одан сайын тартымды ете түседі. Герли стилін тәуір көретіндер көшеде қызғылт, көгілдір, яғни ашық түсті көйлек, етектерімен (юбка) ерекшеленеді. Шашын сәндеп жинап, түрлі әшекейлермен безендіруді қажет ететін герли стилі көбіне тек жаңа бойжете бастаған жасөспірім қыздарға тән. Ал бэйби долл – аты айтып тұрғандай, қуыршақты елестететін стиль түрі. Етегі тізеден жоғары, желмен бірге әсем желбіреп тұратын, қысқа жеңді, мойны ашық, тіпті декольте, гүлді не банты бар көйлек осы стильдің басты ерекшелігі саналады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста