Азық-түліктерге қойылатын санитарлық талаптар қандай?

Азық-түліктерге қойылатын санитарлық талаптар қандай?

Қазіргі кезде дүкен де, дүңгіршек те көп. Менің білгім келгені, сауда орындарынан азық-түлік сатып алғанда қандай санитарлық талаптарға баса назар аударуымыз керек?
Айзада Ибрагимова,
Алматы облысы
Түрксіб аудандық МСЭҚБ бас маманы И.Р.ТОҚБЕРГЕНОВА:
 – Сауда орындарында азық-түліктерді сатып алмас бұрын өнімнің сақталу мер­зі­міне, таратылуына көңіл аудару керек. Жыл­дың ыстық мезгілінде тез бұзылатын өнім­дер тоңазытқыштарда сақталуы тиіс.
Сатушы сіздің сұрауыңыз бойынша азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіп­сіз­дігін куәландыратын құжаттарды көрсетуге міндетті (сәйкестік серти­фи­каттары, жолдама құжаты). Және сату­шы­ның медициналық-санитарлық кітапшасы, арнайы киімі болуы шарт. Жеміс-жи­дек­тер ветеринарлық-санитарлық зертханада тек­серіліп, өнімдегі пестицидтер мен нит­рат­тардың қалдық мөлшері талапқа сай бол­ған жағдайда ғана сатылуға рұқсат етіледі.
Базарларда сатылатын ет және ет өнім­дері, сүт пен сүт өнімдері, балық, жұ­мыртқа, құс еті, бал және басқа да өнім­дер сатуға рұқсат беретін ветеринарлы құ­жаттармен қамтамасыз етілуі керек.
Сауда орындарында үй жағдайында дайын­далған келесі азық-түлік өнімдері сатуға жіберілмейді:
– герметикалық жабылған кон­сер­ві­лен­ген өнімдер, сусындар, жар­ты­лай­ фаб­рикаттар, ет өнімдері, асшеберлік өнім­дер, крем қосылған кондитерлік өнімдер, боялған мұзкәмпиттер, балауса және үйде қайта өңделген саңырау­құ­лақ­тар, дәрі­лік өсімдіктер мен препараттар, тез бұ­зылатын гастрономиялық өнімдер, плас­тик бө­тел­ке­ге құйылған өсімдік  ­майы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста